Жарнама
Жарнама

Шайдоровтың 2030 жылғы Олимпиадаға қатысты жауабы белгілі болды

Редактор
Бүгін, 09:29

Шайдоров келесі Олимпиадаға қатысу туралы ойын айтты

ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

22 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен сұхбат барысында жанкүйерінің: «2030 жылғы Олимпиадаға дайындаласың ба?» деген сұрағына жауап берді.

«Иә, әрине. Мен бар күшімді салып жаттығамын және толықтай осы мақсатқа назар аударамын», – деді Шайдоров.

Еске салайық, 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиадада Михаил Шайдоров 291,58 ұпай жинап, ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанған еді. Осылайша ол мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.

Бұған дейін қазақстандық спортшы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алып, Төрт құрлық чемпионатында да топ жарған болатын.

Осылайша, Михаил Шайдоров спорттық мансабын жалғастырып, 2030 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғауды көздеп отыр.

Реклама
Реклама