Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында алтынға таласады

Редактор
09.08.2026, 13:29

Максим Сажнев Юджинде Қазақстан рекордын жаңартты

ҰОК

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы жарыстарын жалғастыруда.

Кезекті жарыс күнінде әлем чемпионатының финалына Максим Сажнев жолдама алды.

Қазақстандық спортшы диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Осылайша U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Сажнев финалға алтыншы орынмен шықты. Бұл сайыстағы жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады.

Реклама
Реклама