Жарнама
Жарнама

Әлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан намысын кім қорғайды?

Редактор
Бүгін, 12:14

Қазақстан шахматшылары Самарқандтағы әлемдік олимпиадада бақ сынайды

FIDE

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары 2026 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында ел намысын қорғайды. Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Қазақстанның әйелдер құрамасының жарысқа қатысатынын ресми түрде растады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 15 қыркүйекте өтеді. Ал негізгі жарыстар 16-27 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Қатысушылар 11 турды швейцариялық жүйе бойынша өткізеді. Биылғы бәсекеге ерлер және әйелдер санатында әлемнің 400-ден астам командасы қатысады.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында тарихи күміс медаль жеңіп алған еді. Биыл команда сол жетістігін қайталап, жүлде үшін таласады.

Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман және Меруерт Камалиденова қорғайды. Үшеуі де 2024 жылғы күміс жүлдеге үлес қосқан. Сондай-ақ құрамға Эльназ Калиахмет пен Зарина Нұрғалиева енді. Екі шахматшы да Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғаш рет бақ сынайды. Әйелдер құрамасының капитаны – Павел Коцур.

Ал ерлер құрамасы сапында Даниял Сапенов олимпиададағы дебютін жасайды. Ол Денис Махнев, Жандос Ағманов, Сауат Нұрғалиев және Алдияр Ансатпен бірге Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы – әлемнің ең мықты шахматшылары бас қосатын беделді командалық жарыстардың бірі. Биылғы дода тарихтағы 46-шы олимпиада болмақ.

Реклама
Реклама