Жарнама
Жарнама

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Редактор
Бүгін, 13:42

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды

ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті.

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Реклама
Реклама