Жарнама
Жарнама

Қуат «Найман» Хамитов басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
14.08.2026, 21:27

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды

Күрес федерациясы/1bol.kz

Қазақстандық танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысының күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды.

Жаңа қызметінде спортшы өңірдегі күрес спортын дамытуға және жас спортшыларды қолдауға атсалысады.

Қуат Хамитовтың негізгі міндеттерінің бірі – жас балуандарға жағдай жасау, олардың спорттағы дамуына ықпал ету және күрес федерациясының жұмысын жетілдіруге үлес қосу.

"Алматы облысынан әлемді бағындыратын, көк туымызды Олимпиада ойындарында желбірететін спортшылар шығады деген сеніммен қызмет ететін боламыз!”, – деп жазды спортшы желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама