Жарнама
Жарнама

Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы жанкүйерлерге үндеу жасады

Редактор
Бүгін, 15:02

Федерация Азия ойындарында ұлттық құраманы қолдағысы келетіндерге тегін билет береді

ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарында ұлттық құраманы қолдағысы келетін Жапониядағы отандастарға арнайы мүмкіндік ұсынды.

Федерация Жапонияда тұратын қазақстандықтарды бокс құрамасының жекпе-жектеріне бірге жанкүйер болуға шақырды. Қолдау білдіруге ниетті жанкүйерлерге арнайы футболкалар мен жарысқа кіру билеттері тегін беріледі.

Бокс бәсекелері Айчи префектурасының Нисио қаласында өтеді. Жарыстың жекпе-жектері 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

«Қазақстан бокс федерациясы жанкүйерлерге арнайы футболкалар мен кіру билеттерін қамтамасыз етеді», – делінген федерация хабарламасында.

Фан-топқа қосылғысы келетін Жапониядағы қазақстандықтар федерацияның ресми парақшасына хабарласып, қажетті ақпаратты ала алады.

Жарияланған кестеге сәйкес, алғашқы жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталады. Жартылай финалдық кездесулер 29–30 қыркүйекте өтсе, Азия ойындарының бокс турниріндегі шешуші айқастар 2 қазанға жоспарланған.

Реклама
Реклама