Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирде қола жүлде иеленді

Редактор
Бүгін, 09:06

Қола жұлде үшін 35 мың доллар сыйақы алды

Әлеуметтіе желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.

Он шахматшы қатысқан жарыстың шешуші тоғызыншы турында Асаубаева Үндістан өкілі Хампи Конерумен тең түсті. Осылайша, қазақстандық спортшы тоғыз партияның екеуінде жеңіске жетіп, алтауында тең ойнап, бір рет жеңілді.

Нәтижесінде Асаубаева 5 ұпай жинап, америкалық Карисса Йиппен бірге үшінші орынды бөлісті. Екі шахматшы да қола жүлдеге ие болып, 35 мың доллардан сыйақы алды. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 16 миллион теңгеге тең.

Турнирдің жеңімпазы 6,5 ұпай жинаған қытайлық Тань Чжунъи атанды. Ол 65 мың доллар сыйақы иеленді. Ал 6 ұпаймен екінші орын алған америкалық Элис Ли 50 мың доллар алды.

Cairns Cup әйелдер арасындағы беделді халықаралық шахмат турнирлерінің бірі саналады. Биыл жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрап, турнир тарихындағы соңғы алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Реклама
Реклама