Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде көш бастады

Редактор
Бүгін, 09:42

Үш дүркін блицтен әлем чемпионы 59,76 ұпай жинады

Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты.

Үш дүркін блицтен әлем чемпионы 59,76 ұпай жинап, қарсыластарынан айқын басымдықпен көш бастап тұр. Екінші орында қытайлық Чжу Цзиньэр — 39,83 ұпай, ал үздік үштікті үндістандық Вайшали Рамешбабу 29,70 ұпаймен түйіндейді.

Жаңартылған рейтингтің алғашқы ондығына Тань Чжунъи, Харика Дронавалли, Элис Ли, Анастасия Гнатышин, Александра Горячкина, Ульвия Фаталиева және Афруза Хамдамова да енді.

FIDE Women’s Circuit — бірнеше ірі халықаралық турнирдің нәтижелері есептелетін арнайы рейтинг жүйесі. Маусым қорытындысында көш бастаған шахматшы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алады.

Сондықтан Асаубаеваның қазіргі бірінші орны аса маңызды. Ол әзірге ең жақын қарсыласынан шамамен 20 ұпай алда келеді және Үміткерлер турниріне тікелей жолдама үшін күресте жақсы мүмкіндікке ие.

2026 жыл қазақстандық шахматшы үшін табысты өтіп жатыр. Бұған дейін Асаубаева Үміткерлер турнирінде екінші орын алып, Қазақстан шахматы тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірін көрсеткен еді.

Реклама
Реклама