Жарнама
Жарнама

U20 әлем чемпионы Қазыбек Қалмағамбетовке көлік сыйға тартылды

Редактор
Бүгін, 12:32

Қалмағамбетов Словакияда өткен әлем біріншілігінде 67 келіде алтын жеңіп алды

Ақтөбе облысы әкімдігі

Грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов Ақтөбеге оралды. Әлем чемпионын Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жанкүйер күтіп алды.

Қалмағамбетов Словакияда өткен әлем біріншілігінде 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санатында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды.

Чемпионды қарсы алу рәсімінде Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов сөз сөйлеп, балуанға арнайы сыйлық табыстады.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен Қазыбек Қалмағамбетовке Allur компаниясы ұсынған автокөліктің кілті берілді.

Реклама
Реклама