Жарнама
Жарнама

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Редактор
Бүгін, 12:42

Олимпиада чемпионы 3918 ұпаймен үшінші орынға көтерілді

ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жаңартқан әлемдік рейтингте мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Олимпиада чемпионы 3918 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Оның алдында тек америкалық Илья Малинин (4590 ұпай) мен жапониялық Юма Кагияма (4123 ұпай) тұр. 

Үздік бестікті жапониялық Шун Сато (3639) мен француз Адам Сяо Хим Фа (3625) толықтырды.

Әйелдер арасында Қазақстанның үздік нәтижесі Софья Самоделкинаға тиесілі. Ол 2155 ұпаймен 13-орында тұр. Бұл рейтингті Олимпиада чемпионы, америкалық Алиса Лю (4248) бастап келеді.

Мұздағы би бойынша қазақстандық Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы 44-орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама