Жарнама
Жарнама

Тоқаев әлем чемпионатында алтын алған дзюдошыларды құттықтады

Редактор
Бүгін, 09:36

Қазақстандық дзюдошылар 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алды

IJF

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиле қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

Реклама
Реклама

Материалда: