Каратеден әлем чемпионатының финалында қазақстандық екі спортшы айқасады

26.10.2023, 15:44

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері С.Берульцева финалға шыға алмады

Фото ашық дереккөзден

Венгрияда каратеден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық қос спортшы финалға шықты. Сонымен бірге, тағы екі атлет қола жүлде үшін сынға түседі. 

Мажарстандағы жаһандық додады Қайсар Алпысбай мен Мөлдір Жаңбырбай енді әлем чемпионы атану үшін айқасады.

Төрткүл дүние көз тіккен сында кумите бағдарламасында Қайсар Алпысбай 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда әлем чемпионы, италиялық Анджело Крешенцоны 5-1 есебімен жеңіп отыр. Енді ол грек спортшысы Христос-Стефанос Ксеноспен өзара мықты анықтайды. Отандандасымыз биыл Азия чемпионы атанса, таяуда ғана Ханчжоуда өткен Азия Ойындарында топ жарған. 

Әйелдер арасында Мөлдір Жаңбырбай 50 келіде Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен ұтты. Әлем рейтингтің көшбасшысы ұтқан ол сенсация жасап, бапкерлер артқан сенімді ақтады.  

Сонымен бірге, таяуда ғана Қытайда аяқталған Азия Ойындарында жеңімпаз атанған София Берульцева мен  ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дидар Әмірәлі де қола жүлде жолында шеберлік байқасады.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері С.Берульцевадан бапкерлер бұдан биік нәтиже күткен еді. Жақында ғана ол Азиадада топ жарып, арада екі жарым апта өткенде әлем біріншілігінің жүлдегерлері қатарына енуге мүмкіндік алып отыр.

Материалда: