Даниял Ахметов қыздар волейболын ерекше жақсы көретін – БАҚ

Редактор
13.03.2024, 11:03

Өзі кетсе де қыздарға бөлінетін шығын қалып қойған

ҚазТАГ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі биыл өңірдің қыздар волейболын дамытуға 401,7 млн теңге бөліп отыр деп жазады ҚазТАГ.

Мемлекеттік тапсырысты облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы жариялап отыр. Тапсырыс құны – 401 785 714,29 теңге. Бұл ақшаға волейболдан облыстық қыздардың негізгі құрамасын (21 жастан жоғары) және фарм командасын (21 жастан төмен) республикалық және халықаралық жарыстарға 2024 жылы дайындау қажет.

Конкурсқа тапсырыс қабылдау 7 наурызда басталған және 21 наурызға дейін жалғасады.

«Облыста волейболшы қыздарға ақшаны аямай жұмсау – өңірді Даниял Ахметов басқарған тұста қалыптасқан дәстүр. Ол әкіс болған кезде қыздар волейболын ерекше жақсы көретін. Енді өзі кетсе де қыздарға бөлінетін шығын қалып қойды», - делінген аталған мақалада.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорттық командаларды толықтай мемлекеттің қаражатына ұстап отыруды дұрыс емес деп, оның орнына бұқаралық спортты дамытуды тапсырған еді.