Тбилиси мен Антальядағы жарысқа бара алмаған Елдос Сметов Астанада күреседі

Редактор
01.04.2024, 15:08

Турнирге әлемнің кіл мықтылары жиналады

IJF

Астана мамыр айында дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі екінші рет өтеді.

Байрақты дода дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болғалы отыр.

10-12 мамыр күндері аралығында өтетін дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Оған әлемнің кіл мықтылары жиналады деп күтілуде.

Бұл сында Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова, сондай-ақ, Жансай Смағұлов, Нұрқанат Серікбаев сынды ұлттық құрама мүшелері күреседі деп күтіліп отыр.