Дағыстандық легионер балуан екінші рет Қазақстан атынан Олимпиадаға барады

Редактор
19.04.2024, 19:43

Бұған дейін Әлішер Ерғали да жолдамаға қол жеткізген

Olympic.kz

Еркін күрестен аса ауыр салмақта күресетін Юсуп Батырмырзаев Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Ол жартылай финалдық белдесуде Бахрейн балуаны Шамил Шариповты 7:3 есебімен ұтып Франция астанасындағы ойындарға бару мүмкіндігіне ие болды.

Юсуп Батырмырзаев 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде есе жіберген болатын. Ол осымен екінші рет Олимпиада ойындарына барғалы отыр. 

Сонымен қатар, 97 келіде күрескен Әлішер Ерғали да Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Өкінішке қарай, 74 келіде күрескен Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Иран балуанынан айласын асыра алмады. Сондай-ақ, 65 келіде Маис Алиев пен 57 келіде Ерасыл Мұхтарұлы да іріктеу кезеңдерінде есе жіберді.

Жолдама алмаған балуандар мамыр айында Стамбұлда өтетін соңғы лицензиялық сында белдеседі.