Өзбекстанға әйелдер күресінен тұңғыш жолдаманы сыйлаған спортшы қазақ болып шықты (ВИДЕО)

Редактор
21.04.2024, 11:51

Ол Кіші жүздің ішіндегі Әлім руынан

UWW

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеу турнирінде Өзбекстан құрамасы алғаш рет әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Атап айтсақ, 50 келіде күрескен Ақтеңге Кеунимжаева финалға жетті. Сөйтіп, әйелдер күресінен Өзбекстан тарихында Олимпиадаға лицензия алған алғашқы спортшы атанды.

24 жастағы спортшы Қарақалпақстанда дүниеге келіпті. Ол екі рет кадеттер арасында Азия чемпионатында қола жүлдегер болған (2014, 2015 жылдары). Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі (2018). Азия біріншілігінің үш дүркін жүлдегері  (2019, 2020, 2023), 23 жасқа дейін Азия чемпионатының жеңімпазы. Азия ойындарының қола жүлдегері (2023), Ислам елдері ойындарының күміс жүлдегері (2022).

Ақтеңге Кеунимжаева жарыстан кейін қазақстандық журналист Телжан Күдеровке берген сұхбатында өзінің қазақ екенін, руы Әлім екенін айтқан.