Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тараздағы Д.Қонаев турнирінде Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз белдесіп жатыр

Редактор
03.11.2023, 12:13

Ол әлемнің 6 дүркін чемпионы

Фото ашық дереккөзден

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының чемпионы Джордан Барроуз Тараздағы Д.Қонаевты еске алуға арналған турнирде сынға түсуде. Бүгін басталған жарыстың алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны қазақстандық қарсыласы Е.Бексұлтановты  9:2 есебімен жеңді. 

Еркін күрестен әлемдегі үздік балуанның бірі саналатын Д.Барроуз соңғы екі жылда 79 келіде белдесіп, осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанған. Енді ол Олимпиада қарсаңында салмақ ауыстырып, өз мүмкіндігін сынап көруге бел буып отыр. 

Халықаралық рейтингтік турнир санатына енген Д.Қонаев атындағы бәсекесінің келесі айналымында АҚШ спортшысы тағы бір отандасымыз К.Мұсабековпен шеберлік байқасады. 

Джордан Барроуз Олимпиада чемпионы атанумен қатар, әлем чемпионатын 6 рет ұтқан спортшы. Сонымен бірге, Панамерика Ойындарының үш дүркін жеңімпазы.

Жарнама
Жарнама

Материалда: