Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды
Өзбекстанда каратэден (WKF) IX Орталық Азия чемпионаты аяқталды.
4-6 мамыр аралығында өткен жарысқа әлемнің 6 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Олар 10 жастан, ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламалары бойынша бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша үлкен басымдықпен командалық есепте жеңіске жетті. Барлығы 39 алтын, 30 күміс және 47 қола медальдарын қоржынға салды.
Жалпыкомандалық есепте Орталық Азия үздіктерінен кейін Өзбекстан 22 алтын, 29 күміс, 58 қола иеленіп 2-орынға жайғасса, Түрікменстан 6 алтын, 7 күміс, 20 қоламен үштікті түйіндеді.