Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан спортшысын ұта алмаған Италия балуаны Парижге жолдама алды

Редактор
13.05.2024, 11:42

Есесіне Қазақстанның балуан қыздарының ешбірі Олимпиадаға бармайды

Wrestlersarewarriors.com

Жастар арасында өткен әлем чемпионатының финалында Қазақстан балуаны Нилуфар Раимовадан ұтылған Италия спортшысы Аврора Руссо Стамбұлдағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

57 келіде белдескен балуан Түркиядағы маңызды жарыстың іріктеу кезеңінде Бразилия балуанынан ұтылған еді. Алайда, жұбаныш белдесуінде ол өз әлеуетін толық пайдаланып, қаншалықты қауқарлы екенін дәлелдей алды.

Бұл сында Руссо Қырғызстан өкілі Сезім Жұманазарованы ұтып, үшінші орын үшін белдесуде Өзбекстан балуаны Лайлохан Собированы айқын жеңді. Ал, жолдама үшін өткен сында ол украиналық Алина Хруснинадан басым түсіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Айта кететін жайт, Аврора Руссо 2021 жылы Уфада жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол сол сынның финалында Қазақстан балуаны Нилуфар Раимовамен белдескен еді. Маңызды сында италиялық Руссо Түркістан облысының тумасына 8:6 ұпайымен ұтылып, жаһандық доданы екінші орынмен аяқтанған-тын.

Жарнама
Жарнама