Қазақстан велоспортшысы Олимпиада лицензиясын иеленді

Редактор
14.05.2024, 22:29

Осылайша ұлттық құраманың иеленген жолдамалар саны енді 51-ге жетті

Қазақстан велоспорт федерациясы

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының бір жолдамасына қол жеткізді. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынайтын болады.

Қазір Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар. Париж Олимпиадасына дейін бұл көрсеткіш шамамен 70-80 аралығына жетеді деп болжанып отыр.