Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Редактор
19.05.2024, 16:00

Елдос Сметов ширек финалда күреседі

IJF

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты. Отандасымыз маңызды белдесуде Бразилия балуаны Наташа Ферейраны иппонмен жеңді.  Кездесу барысында Абиба вазари ұпайын иеленіп, соңынан таза жеңіске қол жеткізді.

Енді ол жартылай финалда Моңғолия және Португалия балуандарының бірімен белдеседі. 

Сондай-ақ, ширек финалда Елдос Сметов ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі. Ал, Нұрқанат Серікбаев оңтүстіккореялық балуанға есе жіберіп, жарысты аяқтады.