Сабыр Нұрдос ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Редактор
26.05.2024, 11:51

Аталған жарысқа Қазақстаннан 6 атлет аттанған

Ауыр атлетика федерациясы

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан екі медальға ие болып үлгерді.

Бұған дейін ерлер арасында 67 келіде сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер болған.

Енді бүгін 89 келіге дейін салмақта бақ сынаған Сабыр Нұрдос топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келіні көтерді (жұлқада – 148, серпеде – 185 келі). Бұл салмақта екінші орын армениялық Валерик Мовсесянға бұйырды - 329 (153+176). Үздік үштікті өзбекстандық Бекзод Гофуржонов - 324 (141+183) түйіндеді.

Сабыр Нұрдос былтыр әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Жалпы, Қазақстаннан әлем чемпионатына алты спортшы аттанған.

Материалда: