Оның күйеуі де осы жарысқа қатысып жатыр
Астанада дзюдодан өтіп жатқан ел чемпионатында әйелдер арасында 52 келіде жетісулық Нұрсұлу Ералиева жеңімпаз атанды. Бір апта бұрын ғана тұрмысқа шыққан ол финалда Ғалия Тынбаеваны ұтты.
Бұған дейін Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаев атындағы Азияның ашық кубогында күміс медаль иегері атанған спортшы алдағы жоспары туралы айтты. Сондай-ақ, ол бір жеті бұрын тұрмыс құрып, дзюдошының жары атанғанын атады.
«Осыдан бір апта бұрын тойымыз өтті. Жолдасым 81 келідегі Ерсұлтан Тұрдығұлов есімді спортшы. Екеуіміз ҚР чемпионатына бірге қатысып жатырмыз. Жұбайым екеуіміз де Жетісу облысының атынан күресіп жатырмыз», - деді ол El.kz-ке берген сұхбатында.
23 жастағы Нұрсұлу Ералиева 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ақтауда өткен сынның финалында ол Анна Казюлинадан басым түскен еді. Сондай-ақ, 2021 жылы Будапешттегі әлем чемпионатына қатысты.