Қазакқстан қоржынында қазір 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар
Венгрияда өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін күресетін болды. Ол финалға шығар сында Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері ирандық Хасан Язданиден 10:0 есебімен жеңіліп қалды.
Енді оның қола жүлде үшін қарсыласы Жапония мен Руэрто-Рико балуандары жұбының жеңімпазы болмақ.
Дәулетбеков іріктеу кезеңдерінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, санмаринолық Майлз Аминені 3:1 есебімен ұтты. Ал, ширек финалда венгр балуанын 3:0 ұпайымен қапы қалдырды.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күнінде белдескен қазақстандық үш балуан да жүлдеге қол жеткізген болатын. Олардың арасында 97 келіде Әлішер Ерғали жеңімпаз атанса, әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта Юсуп Батырмырзаев күміс жүлдеге ие болды.