Грек-рим күресінен Азия чемпионы Ербол Қоңыратов басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
13.06.2024, 09:49

Ол 2005 жылы Измирде өткен Универсиада ойындарының қола жүлдегері

instagram.com/kaz_wrestling_mode/

Грек-рим күресінен Азия чемпионы Ербол Қоңыратов қызметін Алматы облысына ауыстырды. Ол «Алматы облысы Талғар ауданының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры болып тағайындалып отыр.

Айта кету керек, спортшы бұған дейін ұзақ уақыт Шығыс Қазақстан облысында еңбек еткен. Атап айтқанда, БЖСМ-нің спорттық ойын түрлері бойынша директоры лауазымын атқарып, екі жыл бұрын Өскемен қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөліміне басшы болып бекітілген еді.

Ол – грек-рим күресінен 66 келіде Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. 2005 жылы Измирде өткен Универсиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.