Ризабек Айтмұхан аралас жекпе-жекке ауыса ма? Спортшының өзі жауап берді

Редактор
18.06.2024, 17:16

Ол Шавкат Рахмоновпен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты

Спортты дамыту дирекциясы

Еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында аралас жекпе-жекке ауысу туралы ойын ортаға салды.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы UFC-ді қарайтынын, Шавкат Рахмоновпен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Алайда оның алдағы жоспары бөлек. 

«UFC-ді қараймын, қазақстандық жауынгерлерге жанкүйер боламын. Жалпы, ер адамды еркек қылатын спорт түрлерін жақсы көремін. Шавкат ағамызбен араласып жүргеннен кейін, көбісі мені аралас жекпе-жекке ауысады деп ойлайды, бірақ менде ондай ой жоқ. Арасында өзім үшін ғана айналысып жүремін. Алда Олимпиада ойындары бар, қазақ еліне тұңғыш алтын медаль сыйлағым келеді», - деді Айтмұхан.