«Қазақстаннан көп»: Өзбекстанның Олимпиадаға баратын дзюдошылары анықталды

Редактор
21.06.2024, 00:11

Бокстағы секілді дзюдода да өзбек спортшылары жоғары көрсеткішке қол жеткізген

Gazeta.uz

Өзбекстан Париж Олимпиадасына баратын дзюдошылар құрамын жариялады. Лицензия алған дзюдошылардың саны жағынан өзбек құрамасы бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Ерлер құрамасы Парижге толық құрамда барса, яғни мүмкін болған 7 жолдаманың барлығын иеленсе, әйелдер 4 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 

Бұдан бөлек өзбек дзюдошылары аралас командалық жарыстарға  қатысады. Осылайша, Париж-2024 Олимпиадасына Өзбекстан дзюдо шеберлері алған лицензия саны 12-ні құрады.

Сонымен, Париж-2024-ке қатысатын құрам:

Ерлер: 

-60 кг Достон Рузиев
-66 кг Сардор Нуриллаев
-73 кг Муроджон Юлдошев
-81 кг Шарофиддин Болтабоев
-90 кг Давлат Бобонов
-100 кг Музаффарбек Турабоев
+100 кг Алишер Юсупов

Әйелдер: 

-48 кг Халимажон Курбанова
-52 кг Диёра Келдиёрова
-70 кг  Гульноза Матниязова
-78 кг Ирисхан Гурбанбоева