Қазақстанның танымал дзюдошысы допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді

Редактор
21.06.2024, 18:19

Ол 2026 жылдың күзіне дейін жарыстарға қатыса алмайды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбайдың республикалық және халықаралық жарыстарға неліктен қатыспай жүргені анықталды. Атыраулық татами шебері WADA кодексін бұзғаны үшін жазаланып, үш жылға жарыстардан шеттетілген деп жазады Sportarena.kz. 

2023 жылғы 18 тамызда Загребте өткен әлемдік Гран-при сериясында кипрлік Георгиос Баларжишвилиді жеңіп, қола жүлдеге ие болған ол тыйым салынған препараттарға сараптама тапсырған.  ITA араға бір апта салып Ыстыбайдың ағзасынан «Дростанолон» іздері анықталғанын мәлімдеді. Осылайша, Айболат «банға» кеткен.

Отандық дзюдошының дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 4 қыркүйекте анықталады. Ол кезде спортшының жасы 27-де болады.

Айболат Ыстыбай 1998 жылғы 19 тамызда туған. Мансабындағы басты жетістігі – кадеттер арасында әлем чемпионы (2015 - 50 келі).