Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді – Әмин Тұяқов

Редактор
25.06.2024, 18:04

Спортшының екі өмірі бар: біреуі – бақытты, екіншісі – бақытсыз

Kultobe podcast

Қазақстандық ардагер спортшысы, 6 дүркін КСРО чемпионы, Еуропа кубогының чемпионы, бірнеше рет рекорд жаңартқан желаялық Әмин Тұяқов Kultobe podcast YouTube-каналына берген сұхбатындаүзеңгілестерінің ауыр тағдыры жайлы айтты.

Тұяқовтың айтуынша, жеңіл атлетикадан 1960 жылғы Рим олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосанов пен классикалық күрестен 1980 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Шәміл Серіков спорттан кеткеннен кейін ешкімге керексіз болып қалған. Бұл жайт қос саңлаққа да ауыр тиіп, өз-өздеріне қол жұмсауға себеп болған.  

«Шәміл Серіковтегідей жағдай кез келген спортшының басына түсуі мүмкін. Спортшының екі өмірі бар: біреуі – бақытты, екіншісі – бақытсыз. Бақытты дейтінім – сенің атағың бар, сенен жақсы адам жоқ, айналаңа барлығы жиналады, жақсылап тұрып көпшік қояды. Екінші жағдай – спорттан кейінгі өмірі. Шәміл осыны бастан өткерді. Екі адамға қиянат жасалды: бірі – Ғұсман Қосанов, екіншісі – Шәміл Серіков. Екеуі де асылып өлген адамдар. Неге? Себебі біз оларға көңіл бөлмедік. Шетелде спортшыларға соңына дейін қолдау көрсетіп, үйін де алып береді, жұмысын да тауып береді. Ал бізде карьерасын аяқтаған спортшылар керексіз болып қалады. Менің басыма да сол жағдай түсе жаздаған, Құдайға шүкір, аман қалдық.  Спорттан кеткен соң ешкімге керек емессің, бұрынғыдай ақша да жоқ. мына жақтан әйелің қысым көрсетеді. Арыстандай азамат емес пе, намыстанғаннан өз-өзіне қол жұмсады. Ғұсманда да сондай жағдай. Мен оны ешқашан жүрегі тоқтап қайтыс болды деп айтқан емеспін. Жап-жақсы жұмыс істеп жүрген жерінен қызметінен алып тастады, ол спортпен ғана өмір сүрген жан ғой. Бір күні маған «Өмір сүргім келмейді» деді. «Мұның не сөз, балаларыңды үйлендір, соларды жетілдір, қызығын көр» деп ұрыстым. Сөйтсем, адам әбден көңілі қалғанда өмірден мән жоғалтады екен ғой», - дейді ардагер спортшы.

Материалда: