Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Тіл үшін де күресіп жүрмін»: Абиба Әбужақынова немен шұғылданып жүргенін мәлімдеді

Редактор
28.06.2024, 16:34

Абиба спорттан бөлек күресі туралы ел естімеген дерегін алға тартты

ҰОК

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова өзінің тіл үшін күресіп жүргенін айтты.

Париж Олимпиадасында сынға түсетін отандасымыз әлеуметтік желіде ұлттық киімде түскен суретін жариялап, спорттан бөлек күресі туралы ел естімеген дерегін алға тартты.

«Маған қазақтың ұлттық киімдері ерекше ұнайды. Өзім қазақ үшін және тіл үшін де күресіп жүрмін», - деп жазды спортшы.

Ол Атырауға барған сапарында ұлттық киім салонына арнайы барып, бірнеше киім үлгісімен танысқанын көрсетті. Сонымен бірге, ол шапан киіп түскен суретін оқырман назарына ұсынған. Абиба Әбужақынова жыл басынан бері 6 турнирге қатысып, оның бесеуін жүлдегер атанды.

Ал сәуір айында Гонконгта Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен сында тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаеваға есе жіберді. Әлемдік рейтингте үздік бестікке енген отандасымыз мамыр айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.

Жарнама
Жарнама