«Қазақстаннан қалысар емес». Өзбекстан Олимпиада чемпиондарына қомақты сыйақы беретін болды

Редактор
03.07.2024, 20:34

Қазақстанда соңғы 16 жылда Олимпиада жүлдегерлері үшін тағайындалатын сыйақы мөлшері өзгерген емес

Olympic.uz

Өзбекстан құрамасын 2024 жылғы Париж олимпиадасына салтанатты шығарып салу рәсімінде жүлдегерлерге берілетін сыйақы мөлшері айтылды.

Өзбекстан Олимпиада чемпионы атанған саңлақтарына 200 мың доллардан береді. 

Күміс жүлдегерлер 100 мың долларға иелік етсе, үздік үштікке енгендер 50 мың долларды қанжығасына басады.

Бұған дейін сыйақы жағынан Сингапур, Индонезия, Гонконг және Израиль көш басында тұрғанын жазғанбыз. Сингапурде Олимпиада алтынын алған спортшыға 737 мың доллар тағайындалса, күміс медаль үшін – 369 мың, қола медаль үшін 184 мың доллар беріледі. Токио олимпиадасында сингапурлық спортшылар бір де бір медаль еншілей алмаған.

Қазақстанда соңғы 16 жылда Олимпиада жүлдегерлері үшін тағайындалатын сыйақы мөлшері өзгерген емес. 2008 жылы Бейжің олимпиадасының қарсаңында Үкімет жеңімпаздарға 250 мың доллардан, күміс және қола жүлдегерлерге тиісінше 150 және 75 мың доллардан беру туралы қаулы шығарған. Бұл көрсеткіш жағынан еліміз 7-орында тұр.

Материалда: