Танымал спортшы арабтарға тіл тигізгені үшін жарыстан шеттетілді

Редактор
08.07.2024, 14:50

Бейнежазба өшірілгенімен, оны көшіріп жариялап жатқандар жетерлік

AP

Францияның регби құрамасы спортшы Мелвин Жаминетті нәсілшіл сөздері үшін жарыстан шеттетеді. Ол әлеуметтік желіде арабтарға тілге тигізген.

«Тулон» сапында ойнайтын 25 жастағы футболшы сенбі күні Францияның Мендосада Аргентинаны жеңген кезде қосалқы құрамға қосылды.

«Алдымнан шыққан бірінші арабты басыммен бір соғамын», - дейді Жаминет желідегі парақшасында.

Бейнежазба өшірілгенімен, оны көшіріп жариялап жатқандар жетерлік.

Француз регби федерациясы (FFR) Жаминеттің сөздерін айыптап, оны бірден жарыстан шеттеткен.

"Мұндай пікірлер мүлдем қабылданбайды және біздің спорттың негізгі құндылықтарына қайшы келеді. Осы өте ауыр айыптауларға қатысты мән-жайларды анықтау және тиісті шара қолдану үшін ішкі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Спорттан шеттетілген ол көп ұзамай Instagram парақшасында кешірім сұрады.

"Бұл сөздің көп адамның көңіліне тигенін түсініп тұрмын. Мен бұл ескертулер Менің немесе француз регби командасының құндылықтарын көрсетпейтінін анық айтқым келеді. Кез келген түрдегі нәсілшілдікке жол берілмейді және мен сенетін барлық нәрсеге қарсы келеді, – деді ол Stories-те.

Материалда: