Бибісара Асаубаева Баку турнирінің жеңімпазы атанды

Редактор
09.07.2024, 13:58

Баку турнирінің жүлде қоры 50 мың долларды құрады

instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Бакуде өткен халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы шахматшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Әзербайжан астанасында «Baku Open 2024» турнирінде отандасымыз жеңіске жеткенін мәлімдеді.    

Бакуде шахматтан өткен халықаралық турнир 28 маусымда бастау алып, 7 шілдеге дейін жалғасқан болатын. Қазақстан шахматшысы бұл сында үздік жиырма ойыншының арасында 19-орынға тұрақтаған. Ал өзінің жас санаты бойынша ол үздіктер көшін бастады.

Айта кететін жайт, Баку турнирінің жүлде қоры 50 мың долларды құрады. Бұл жолы әйелдер бәсекесінде оза шапқан ақтаулық шахматшы 1500 долларға (720 мың теңге) ие болды.

Материалда: