«Жолсеріктің формасы», «Мектепке киетін фартук». Олимпиадаға тігілген форма сынға ұшырады

Редактор
10.07.2024, 21:56

Желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірген

Ақорда

Бүгін Қазақстанның Олимпиадаға киіп баратын формасы таныстырылды. Бірақ спортшылардың үстіндегі спорттық киімі көпшіліктің көңілінен шықты деп айту қиын. Өйткені желіде әртүрлі сын айтылып жатыр.

«Пампалары бар жеңсіз костюм және трико сияқты. Мына дизайнерді қайдан тапты екен?», «Мына формамен қай пойызға мінеді? Тұп-тура жолсерік киетін киімге ұқсайды»,«Спорттық емес, мектеп Олимпиадасы?», «Бастысы киім емес,жеңіс пен сәттілік», «Шынын айтқанда онша емес», «Біз сән көрсетіліміне бара жатырмыз ба?», «Бұл жолы форма онша емес екен», «Не деген ұят форма», «Ал медаль бола ма? Әлде тек костюм көрсетуге барамыз ба?», «Ең болмаса дұрыс кроссовки алыңдар»,- деген пікірлер бар.

Айта кетейік, бүгін президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды. Ақордада туды тапсыру рәсімі өтті.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Аталмыш додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан 92 жолдама жеңіп алды.

Материалда: