Мейвезер 1 млрд теңге тұратын көліктерін көрсетті

Редактор
10.07.2024, 23:21

Мейвезер – тарихтағы ең табысы ең жоғары боксшы

focus.ua

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер жанкүйерлеріне 1,5 миллион фунт стерлинг (920 миллион теңгеден астам) тұратын көліктерін көрсетті.

Америкалық спортшы әлеуметтік желіде автомобильдер коллекциясы жаңа көліктермен толыққанын айтты. Ол алдымен құны 250 мың фунт стерлинг болатын қара түсті Rolls Royce Ghost көлігін паш етті. Ал оның жанында тағы бір қара түсті Rolls-Royce Phantom тұр, құны - 380 мың фунт стерлинг.

Сонан соң 85 мың фунт стерлинг тұратын Mercedes-Benz Metris Maybach көлігімен мақтанды. Темір тұлпардың ішінде Apple TV мен эспрессо дайындайтын кофемашина орнатылған. 

Сонымен қатар 210 мың фунт стерлинг болатын McLaren GTS және тағы қара түсті екі Rolls Royce көліктерін көрсетті. Боксшы 85 мың фунт стерлингке Gucci сөмкесін сатып алғанын да айтты.

Мейвезер – тарихтағы ең табысы ең жоғары боксшы. Филиппиндік Мэнни Пакьяо мен ирландиялық Конор Макгрегорді жеңгені үшін ол 450 миллион фунт стерлинг табыс тапқан.

Флойд карьерасын аяқтағанымен, әлі күнге дейін көрсетілімдік турнирлерге қатысып жүр. Мейвезер кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2017 жылы UFC өкілі Конор Макгрегормен өткізіп, жеңіске жеткен. Осылайша, ол карьерасын рекордтық көрсеткішпен аяқтады - 50:0.

Материалда: