Танымал гимнастшы шылым шеккені үшін Олимпиадаға қатыса алмайды

Редактор
19.07.2024, 09:36

Жапонияның көркем гимнастикадан әйелдер құрамасының капитаны тәртіп бұзған

Kyodo

Жапон гимнастшысы Секо Мията темекі шегетіні үшін Олимпиада құрамасынан шығарылуы мүмкін. Шылым шегу ұлттық құраманың мінез-құлық кодексін бұзу екенін мәлімдеген.

Kyodo хабарлауынша, Жапонияның гимнастика қауымдастығы (JGA) оқиғаны тергеп жатыр және Миятаны Монакодағы оқу-жаттығу жиынынан үйіне жіберуі мүмкін.

Айта кетейік, гимнастшы 17 шілдеде өткен ашық жаттығуды өткізіп алған. JGA әзірлеу жөніндегі басшысы Хикару Танака оның «белгілі бір себептермен» болмағанын айтты.

19 жастағы Мията — Жапонияның көркем гимнастикадан әйелдер құрамасының капитаны. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатында теңгерімде қола жүлдегер атанды.

Материалда: