Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Спортшы Париждегі олимпиадаға қатысу үшін саусағын кестірді

Редактор
19.07.2024, 16:45

Спортшы мұндай қадамға өз мамандығына деген махаббатына байланысты барған

Getty Images

Көгалдағы хоккейден Австралия құрамасының мүшесі Мэттью Доусон Париждегі Олимпиада ойындарының алдында оң қолының саусағын ампутациялады.

Спортшы мұндай қадамға өз мамандығына деген махаббатына байланысты барған. ХОК мәліметінше, хоккейші оң қолының аты жоқ саусағын сындырып алған. Доусон зақым келген саусағының бөлігін гипстеудің орнына, оны ампутациялау туралы шешім қабылдаған.

«Бұл қадамға саналы түрде бардым, оның алдында хирургпен ақылдастым. Бұл Олимпиада үшін ғана емес, алдағы өмірім үшін де жасалған қадам. Саусағымның үстіңгі бөлігін кесіп тастау дұрыс шешім болды. Тез арада қалыпқа келемін деп үміттенемін», - деді Мэттью Доусон.

Токиодағы Олимпиада ойындарында Доусон Австралия құрамасы сапында күміс жүлдегер атанған.Доусон алғаш рет ауыр жарақат алып тұрған жоқ, алты жыл бұрын ол хоккей таяқшасы көзіне тиіп, жанарынан айырылуына сәл қалған.
27 шілде күні Австралия Парижде Рио олимпиадасының чемпионы Аргентинамен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Материалда: