Қазақ бапкері жаттықтыратын Белорусь балуаны Олимпиадаға қатысатын болды

Редактор
20.07.2024, 14:00

Балуан Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған

instagram.com/wrestrus_000

Еркін күрестен Белорусь құрамасын жаттықтыратын қазақ бапкері Жұматай Шубаевтың шәкірті Олимпиадаға шақырту алды.

74 келіде белдесетін Магомедхабиб Кадимагомедовке маусым айында Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиадаға қатысуына шектеу қойып, олардың жолдамасын басқа елдің құрамасына беретінін мәлімдеген. Алайда араға үш апта салып, шешім өзгеріп отыр.

Белорусь балуаны Магомедхабиб Кадимагомедов Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Ол Париждегі ойындарға жолдаманы сәуір айында Бакуде өткен турнирде иеленді. Белгілі балуанды 30 жылдан астам уақыттан бері Белорусь елінде тұратын Жұматай Шубаев жаттықтырады. Балуан биыл ақпан айында Румынияда өткен Еуропа чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Материалда: