Қазақстан балуандары Азия чемпионатында екі алтын иеленді

Редактор
22.07.2024, 14:35

Таиландта 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия біріншілігі өтіп жатыр

sportball24.com

Таиландтың Си-Рача қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының 5 балуаны жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінен U-20 санаты бойынша 60, 67, 72, 82 және 97 кг белдескен бозкілем шеберлері барын салып, бапкерлер сенімін ақтады.
 
Бұл сында медальдар жиынтығы бойынша Иран құрамасы көш бастады. Парсы балуандары 6 алтын, 1 күміс, 2 қолаға ие болды. Ал одан кейінгі орындарға Қазақстан және Қырғызстан балуандары жайғасты. 67 келіде белдескен Юсуф Ашрапов пен 82 келіде Ерасыл Жеңіс Азия үздігі атанды. 97 келіде Рахат Бержанов күміспен күптелді. Ал 60 келіде Әлішер Қаниев пен 72 келіде Тайыр Аманкелді қолаға қол жеткізді.
  
Турнир жүлдегерлері:

60 кг
1. Кото Гоми (Жапония)
2. Нуристан Суйоркулов (Қырғызстан)
3. Айбек Айтбеков (Қазақстан)
3. Алишер Ганиев (Өзбекстан)

67 кг
1. Юссуф Ашрапов (Қазақстан)
2. Ахмадреза Нежад (Иран)
3. Канг Жен (Қытай)
3. Такаку Сузуки (Жапония)

72 кг
1. Александр Назаров (Өзбекстан)
2. Кутман Темирбеков (Қырғызстан)
3. Ахура Пианино (Иран)
3. Тайыр Аманкелді (Қазақстан)

82 кг
1. Ерасыл Жеңіс (Қазақстан)
2. Шичан Чжэн (Қытай)
3. Урозали Турдалиев (Өзбекстан)
3. Мохаммад Ядолла Аржмандаштаки (Иран)

97 кг
1. Хамидреза Мортеза Кешткар (Иран)
2. Рахат Бержанов (Қазақстан)
3. Жавлон Тиркашев (Өзбекстан)
3. Цяньи Сан (Қытай).