Азия чемпионатында еліміздің жас балуандары 4 жүлде иеленді

Редактор
23.07.2024, 19:18

Финалға шыққан балуандарымыз есе жіберді

instagram.com/kazakhstan_wrestling

Таиландтың Си-Рача қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға шыққан балуандарымыз есе жіберді.

Еркін күрестен бірінші жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 4 жүлде иеленді. 65 келіде Шаттық Алайдар Иран палуанына есе жіберсе (8:4), 70 келіде Айқын Болатұлы да парсы балуанына қарсы айқаста осалдық танытты (9:0). Ал 57 келіде Мықтыбек Үкіметұлы мен 79 келіде Ерхан Бексұлтанов қола жүлдені қанағат тұтты.

Си-Рачадағы сында бүгін еркін күрестен 57, 65, 70, 79 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бозкілем шеберлері сынға түскен еді.

57кг
1. Анкуш Анкуш (Үндістан)
2. Асадбек Саидтураев (Өзбекстан)
3. Али Момени (Иран)
3. Мықтыбек Үкіметұлы (Қазақстан)

65кг
1. Али Хоррамдель (Иран)
2. Шаттық Алайдар (Қазақстан)
3. Такуро Мацубара (Жапония)
3. Мироншох Мижробов (Өзбекстан)

70 кг
1. Али Карампур (Иран)
2. Айқын Болатұлы (Қазақстан)
3. Аден Сакыбаев (Қырғызстан)
3. Тайга Огино (Жапония)

79 кг
1. Алп Арслан Бегенджов (Түркменстан)
2. Маджид Багери (Иран)
3. Амит (Үндістан)
3. Ерхан Бексұлтанов (Қазақстан)

97 кг
1. Аболфазл Бабалу (Иран)
2. Сахил Джаглан (Үндістан)
3. Кутман Толобалдиев (Қырғызстан)
3. Отабек Назирбоев (Өзбекстан).