Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанып, жеңіл атлетика тарихына енді

Редактор
23.07.2024, 21:27

Фаина Мейрманова әлемдік рекордты жаңартты

©Qazaq Athletics

Қазақстандық Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізіп, биіктікке секіру бойынша жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Тайбэйдегі (Тайвань) жарыстарда Мейрманова биіктікке секіруде 176 сантиметр нәтиже көрсетті. Осылайша, ол 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рекордты жаңартты.

17 жастағы Фаина Мейрманова алты жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысады. Тәлімгерлері Фаинаның бірегей спортшы екенін айтады. Бойжеткен есту қабілеті нашар болғанына қарамастан әртүрлі санаттағы жарыстарға қатысады және бұл диагнозды жетістіктеріне кедергі келтіреді деп санамайды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатына 40 елден 300-ден астам спортшы қатысуда.