Жансая Әбдімәлік Жезқазғанда шахмат академиясын ашады

Редактор
24.07.2024, 09:40

Шахматшы қыз тұрмыс құрғаннан кейін үзіліс алғаны белгілі

instagram.com/zhansaya_abdumalik

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Жезқазғандағы шахмат академиясының қашан ашылатынын айтты.

«Жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Біз қазан-қараша айларында ресми түрде ашылады деп күтеміз», - деді Абдумалик Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп.

Шахмат академиясын Жансай Әбдімәліктің ата-анасы Алма мен Данияр Әшіровтер 2014 жылы Алматыда құрған. Қазір онда 3 филиал жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр көктемде Жансая «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шыққан еді.

Шахматшы қыз соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында турнирге қатысқан болатын. Одан кейін Жансая Бибісара Асаубаевамен бірге 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында өнер көрсетті, бірақ шахматшыларымыз ол жақта жүлделі орын ала алмады. Асаубаева бесінші, Әбдімәлік сегізінші орынды місе тұтты.

Бұған дейін Жансая биылғы турнирлерге қатысуды жоспарламағанын және бұл маусымда үзіліс алатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол мансабын аяқтау туралы соңғы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Қазір ол өз академиясындағы студенттердің нәтижелеріне көбірек көңіл бөліп жүргенін айтқан.