«Алтын медальді теңдей бөліп алайық». Өзбек бапкері Головкинмен түскен суретін жариялады

Редактор
25.07.2024, 13:20

Боксшыларымыздың басты қарсыластары Өзбекстан құрамасы екені анық

әлеуметтік желі

Бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиохунов Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен түскен суретін жариялады. 

Боксшыларымыздың басты қарсыластары Өзбекстан құрамасы екені анық. Екеуара тартыста қай елдің былғары қолғап шеберлері үздік шығады деп отырғанда, спортшылардың өздері бір-бірімен достық қарым-қатынаста екенін айтып жүреді, тек спортшылар емес, бапкерлердің, спорт мамандарының да бір-біріне деген сыйластығы байқалып тұрады. Бұл сөзімізге бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиохуновтың әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреті де дәлел.

Бапкер Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы, бүгінде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын Геннадий Головкинмен және Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловпен түскен суретін салды. Оқырман қауым суретте өз заманының үздіктері тұрғанын жазып жатыр.

«Өз заманының мықтылары», «Олимпиадада алтын медальді теңдей бөліп алайық», «Бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр», «Жарайсыңдар», - деп жазған көпшілік. 

Париж Олимпиадасында алғашқы жарыстар басталып та кетті. Ал қазақ жанкүйерлері асыға күткен бокс аламанының жеребесі бүгін, 25 шілде күні тартылады.