Францияда Олимпиаданың ашылу салтанаты күні 800 мың адам вокзалда қалып қойды

Редактор
26.07.2024, 15:05

Біреулер теміржолдардағы электр желілерін әдейі өртеп кеткен

mixnews.lv

Францияда Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін күні 800 мың жолаушы апатқа байланысты вокзалдарда қалып қойды.

BFMTV телеарнасының мәліметінше, біреулер жоғары жылдамдықпен қозғалатын теміржолдардағы электр желілерін әдейі өртеп, салдарынан 800 мыңға жуық адам жолда қалып қойған. 

Әсіресе оңтүстік-шығыс пен атлантикалық бағыттар қатты зардап шеккен. Вандализмнің кейбір әрекеттерінің алды алынғанымен, теміржол қозғалысының жұмысы тоқтап қалды. 

Бүлінген жол учаскелерін жөндеу жұмыстары басталғанымен, оны қалыпқа келтіру бірнеше күнге созылуы мүмкін.