Париж-2024: Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Редактор
27.07.2024, 10:14

Дзюдошылар медальға таласса, боксшылар алғашқы жарыс күнін бастайды

olympic.kz

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы ресми жарыс күні. Қазақстан бұл күні жеңіл салмақтағы дзюдошылардан жүлде күтеді.

Атап айтсақ, Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов және велоспортшы Евгений Федоров бастаған спортшыларымыз бірден жүлделі орындарға таласады.

27 шілде күнгі жарыс кестесі:

Дзюдо

  • 48 келі: Абиба Әбужақынова – Сара Ришони (Израиль) бірінші айналым
  • 60 келі: Елдос Сметов – Торнике Чкадуа (Нидерланд) бірінші айналым

Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады.

Дзюдо бәсекесін тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Нысана көздеу

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды. 3-4 орын қола медальді сарапқа салады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова. Ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақытымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады.

«Хабар» арнасы ерлер арасындағы іріктеуді көрсетеді.

Академиялық ескек есу

Іріктеу кезеңіне – Владислав Яковлев қатысады. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары 28 шілдеде тағы бағын сынап көреді.

Жарысты 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.

Спорттық гимнастика

  • Көпсайыс – Милад Карими, ат снаряды – Нариман Курбанов 18:30-да «Хабар» арнасы, іріктеу кезеңі.

Велоспорт

  • Жекелей сындағы уақытқа жарыстың финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы 18:35-те көрсетеді.

Теннис

  • Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00, Jibek Joly арнасы.
  • Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Үстел теннисі

  • Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокс

Біздің уақытпен 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де «Хабар» арнасының эфирінде:

  • 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).