Елдос Сметов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Редактор
27.07.2024, 13:42

Нидерланд балуанын Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде ұтқан

t.me/kazjudoteam

Бүгін Париж Олимпиадасының татамиіне шыққан қазақстандық Елдос Сметов екінші айналымға өтті.

Ол 60 келіде бірінші айналымда Нидерланд балуаны Торние Цакаджоені қосымша уақытта ұтты. Екеуара белдесу негізгі уақытта тең аяқталды. Төреші Сметовке екі рет шидо берсе, қарсыласы бір мәрте ескерту алды.

Алайда шешуші сәтте Елдостың аяғынан ұстаған Нидерланд балуаны жарыстан шығып қалды. Айта кететін жайт, Нидерланд балуанын Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде ұтқан болатын.

Енді қазақ дзюдошысы екінші белдесуін украиналық Дильшод Халматовпен күреседі.