Каратеден әлем чемпионы жарыс кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Редактор
27.11.2023, 10:11

Карате федерациясына тойды жасап беруге ұсыныс айтылып жатыр

eKaraganda

Алматыда киокушинкай-кан каратеден өткен әлем чемпионатында теміртаулық спортшы Никита Гарас сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Аталған спорт түрінен әлем чемпионы атанған атлеттің ұсынысын оның қызы Августина кері қайтарған жоқ.

Әлемдік жарыста мұндай жағдайды ешкім күтпеген еді. Жекпе-жек шебері марапаттау тұғырының алдында осындай қадамға барған.

«Біз бес жылдан бері біргеміз. Менің саған деген ешқандай сұрағым жоқ. Осы уақыт ішінде сен бәрін бірге бөлісіп, бірге болдың. Маған тұрмысқа шығасың ба?», - деді Никита Гарас.

Романтикаға толық махаббат жұбының бейнежазбасы еліміздің спортты дамыту дирекциясының ресми парақшасында жарияланды. Бұл жағдайға желі қолданушылары мен спорт жанкүйерлері шын қуанып, жүрекжарды тілектерін жазып қалдырған. Тіпті, олардың біреуі  киокушинкай-кан карате федерациясына жас жұбайлардың той шығынын көтеруді ұсынған.

Материалда: