Президент спортшыға уәдесінде тұрғаны үшін алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимпиада шыңын бағындыруымен құттықтады.
«Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше!», - деді Президент.