Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Абиба Әбужақноваға сыйақы беретін болды

Редактор
28.07.2024, 21:15

Ол сондай-ақ, өзге кәсіпкерлерді де осы бастамаға атсалысуға шақырды

olympic.kz

Париж Олимпиадасында жартылай финалда жеңілген қазақстандық дзюдошы қыз Абиба Әбужақыноваға белгілі кәсіпкер, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров сыйақы беретін болды. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Еске салайық, Абиба ширек финалда испан дзюдошысы Лаура Мартинестен жеңілгенімен, жұбаныш белдесуінде парагвайлық Габриэла Нарваэсті ұтқан. Ал, қола жүлде үшін болған белдесуде швед Тара Бабулфаттан айласын асыра алмады.

Осы ретте айта кету керек, белдесулер барысында Абиба аяғын да, қолын да жарақаттап алған. Соған қарамастан ол соңына дейін күресті. Жарыстан кейін көз жасына ерік берді.

Осы жайт Айдарбек Қожаназаровты бейжай қалдырмаса керек, ол Абибаның табандылығына разы болғанын атап өтті.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың жігіттері», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Міжілістің өзге депутаты Руслан Берденов Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовке автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді.