Қазақстанан екі, Өзбекстаннан бір боксшы Олимпиадамен қош айтысты

Редактор
30.07.2024, 22:12

Өзбекстан құрамасынан алғашқы боксшысы жарысты аяқтады

IBA

Бүгін Өзбекстанның әйелдер құрамасының бір боксшысы Олимпиадамен ерте қоштасты.

Атап айтсақ, 54 келіге дейін салмақта сынға түскен Нигина Уктамова жеңіліс тапты. Оның 1/8 финалда Солтүстік Кореядан келген Чол Ми Панға шамасы жетпеді. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен кәріс боксшысының мықтылығын мойындады.

Осылайша, Өзбекстан құрамасынан алғашқы боксшысы жарысты аяқтады. Ал Қазақстаннан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ерте аяқтап, елге қайтты. Қыздардан тек Назым Қызайбай ғана шаршы алаңға шығып, алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.